Ғаламдық мұнай консалтингі
Тіл
Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Солтүстік Америка бөлімшесі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі Еуропа/Африка дивизионы Орталық Еуропа/Азия бөлімі Азия-Тынық мұхиты/Латын Америкасы бөлімі

Солтүстік Америка бөлімшесі

Солтустік Америкадағы бөлімшесі АҚШ және Канада елдеріне жауапты болып табылады.

Жыл сайын Солтүстік Америка бөлімшесі мыңдаған мұнай өнімдерін қарастырады. Осы жобалардың көпшілігі мұнай мен газ активтеріндегі қорлар мен ресурстарға бағалау болып табылады. Мұнай газ өндірісіндегі рисктерді және қиыншылықтарды ескере отырып, Солтүстік Америка бөлімше сатып алу, барлау, және нарық бағасын табуға қарқынды қызмет көрсетеді.

Солтүстік Америка бөлімі аймақтағы дәстүрлі емес ресурстарға жүздеген зерттеулер жүргізген. Мысалы, D&M компаниясының инженер-мұнайшылары және геологтары Солтүстік Америкада бұрғыланған дәстүрлі емес ұңғымалардың шамамен жартысын бағалады. Фирма дәстүрлі емес активтерді,әсіресе ұңғымалардың өнімділігін, тиімдірек бағалауды қамтамасыз ететін дербес құралдарын және технологиялық процестерін әзірледі.

Солтүстік Америка бөлімінің клиенттік базасы отандық барлау және өндіру компанияларынан, сондай-ақ Солтүстік Америка мұнай-газ операцияларына инвестициялаған халықаралық компаниялардан тұрады. Сонымен қатар, фирма акционерлік компанияларға, кредиторларға және операциялық компанияларға қызмет көрсетеді.

Біріктіру және сатып алу жұмыстарын бойынша, Солтүстік Американың бөлімшесінің мамандары, сатушылардың ұсыныстары бойынша кеңестік қызмет көрсетеді. Ал егерде, сатып алушы кеңестік қызметке жүгінсе, Д&М компаниясы, сатып алушының өкілеті ретінде деректер базасына анализ жасап, сатушының болашақ даму жоспарына сараптама жасап, баға береді. Д&М компаниясының клиенттерге қолдау көрсетудің жалпы ауқымды техникалық және экономикалық талдауды болып табылады. Сондай-ақкомпания клиенттердің атынан кеңес мүшелеріне және басқа да қызығушылық танытатын тұлғаларға ақпарат алмасу процессін жүргізіп, презентациялар көрсетеді. Д&М эксперттері сатып алушыларға да, сатушыларға да сатудың өзіндік құны және инвестициялық қайтарылым әлеуеті бойынша толық сараптама мен түсініктеме қызметтерін көрсетеді.

Клиент туралы әңгімелер

  • Америка Құрама Штаттары

    1936-шы жылы құрылғаннан бері, АҚШ-тың мұнай-газ саласында, компанияның репутациясы жоғарғы қарқынмен өсті. Маңызды нысаны болып техникалық зерттеулер мен қорлар бойынша консалтингтік қызметтер табылды. Компания, дәстүрлі және дәстүрлі емес пайдалы қазбалар бойынша, АҚШ-тағы әрбір кен бассейндерінде сараптамалық жұмыстар жүргізген. Даллас және Хьюстондағы қызметкерлердің көмегімен, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, Ірі отандық компаниялардан бастап, шағын жеке компаниялар үшін, әр түрлі көлемдегі жобаларға қатысып, консалтингтік қызмет көрсетіп келеді. ДеГольер энд МакНотон компаниясының мамандандырылған жұмыс топтары, дәстүрлі және дәстүрлі емес қорлардағы клиенттердің мүдделерін бағалау үшін, бірегей жұмыс ағындары мен әдістерін әзірлеген. Барлау және өндіру компанияларына қызмет көрсетумен қатар, ДеГольер энд МакНотон компаниясы, АҚШ-та мүддесі бар қаржылық қызмет көрсету компанияларымен, инвестициялық банктермен және жеке компанияларемен жұмыс жасаған. Компания, АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржалық комиссия (SEC), Петролиум Инженерс қоғамымен (SPE) және Мұнай бағалау жөніндегі инженерлер қоғамымен (SPEE) белсене жұмыс жасасып, клиенттерге SEC және SPE стиліндегі есептерді ережелерге сай етіп жасап береді.

  • Гренландия

    Гренданлияда барланған немесе өндіріліп жатқан кен орны болмаса да, ДеГольер энд МакНотон компаниясы аралдағы кейбір аймақтарға зерттеу жұмыстарын жүргізген. Бұл жұмыс, компания бүкіл әлем бойынша орындалған ауқымды перспективалық ресурстарды бағалау жұмысына негізделген.

  • Канада

    ДеГольер энд МакНотон Канаданың барлық ірі мұнай және газ бассейндерінде, сондай-ақ көптеген дәстүрлі емес сланецтер мен мұнай құмдарында, және шығыс Канададағы теңіздік ашылымдарында жұмыстар жүргізді. Фирма канадалық қор биржаларындағы компанияларға арналған, канадалық ережелерге сәйкес дайындалған, 51-101 ұлттық құралды ұсынады.